$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Қызылордада «AMANAT» партиясының бастамасымен демалыс орындары қоқыстан тазартылуда

Қызылордада «AMANAT» партиясының бастамасымен демалыс орындары қоқыстан тазартылуда

«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалы мен бастауыш партия ұйымының мүшелері қаладағы барлық саябақты кезең-кезеңімен тазалауда. Оған «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы сеп болуда. Бүгінгі күнге дейін 10-ға жуық демалыс орнын қоқыстан тазаланып, ағаштардың түбі ақталған. Ескерткіштерді де күтіп-баптау жұмыстары ескерусіз қалмады.  

ӘБУНАСЫР АЛДАБЕРГЕНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Аллеяларды,  парктерді бейсенбі сайын тазалап жатырмыз, Келменбет батырдың, Батырхан Шүкеновтің паркін тазаладық. «AMANAT» партияның мүшелері, жас волонтерлар, солардың барлығы қатысып жатыр.