$503.42 €542.08 ₽6
×

Астанада оқушылар "Таза Қазақстан" акциясы аясында құстарға ұя орнатты

28.03.2025ж. 20:00
142
Астанада оқушылар "Таза Қазақстан" акциясы аясында құстарға ұя орнатты

Астанада оқушылар "Таза Қазақстан" акциясы аясында құстарға арнап ұя орнатты. Олар өз қолымен жасаған ұяшықты мектеп ауласына орнатып, құстарға мейірімділік танытты. Шараға 50 ден астам адам қатысты. Мектеп басшылығының айтуынша,  бұл шара оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық санасын қалыптастыруға ықпал етеді. Мейірімділік пен жанашырлық және қамқорлық қасиеттерін қоса дамытады.

ОҢДАСЫН МАХАН, АТА-АНА:

Көктем мезгілінде жылы жақтан құстар келгенде біз енді өзіміз дайындаған ұяларды әкеліп саябақтарға ілеміз. Биыл мектепте іліп жатырмыз, негізі бұл Астананың барлық саябағында біздің ұяларымыз бар. Біз баламен біргеміз.