$503.42 €542.08 ₽6
×

Жеті жастағы қазақстандық әлем чемпионы атанды

AstanaTV
28.03.2025ж. 17:46
97
Жеті жастағы қазақстандық әлем чемпионы атанды
Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

Қазақстандық жас шахматшы Қайрат Абдул-Мәлік шахматтан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол жеті жасқа дейінгі категорияда сынға түсті. Өз жасында әлем чемпионатын ұтқан алғашқы қазақстандық атанып отыр.

Қазақстан шахмат федерациясының хабарлауынша турнир Сербияның Врнянчка-Баня қаласында өткен.

Турнирге әлемнің 44 елінен 470 жас шахматшы келген. Оның ішінде біздің елден 40 шахматшы біздің елдің атынан қатысып жатыр.