$503.42 €542.08 ₽6
×

Ербол Қарашөкеев пен Шыңғыс Әрінов Президентке жер сілкінісінен кейінгі ахуалды айтты

AstanaTV
28.03.2025ж. 18:21
80
Ербол Қарашөкеев пен Шыңғыс Әрінов Президентке жер сілкінісінен кейінгі ахуалды айтты
Фото: ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өңірдегі жер сілкінісінен кейінгі ахуал бойынша баяндамаларын тыңдады, деп хабарлайды Astana TV.

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновке әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Үкімет облыстағы ахуалды бақылауға алды.