“Желмая” жобасына қатысқан дінтанушы, қоғам қайраткері Қайрат Жолдыбайұлы әлеуметтік желіде ұятсыз тақырыптарды сөз қылатын "діни блогерлер" туралы пікір айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі қоғамнан "ұят" деген ұғым өшіп бара жатқан сияқты. Қазір ақша үшін ар-ождан өлді деп айтуға болады. Жалпы ұят деген Құдайдың берген табиғи безбені, себебі жақсы мен жаманды ажырататын таразы. Сол ұяттың арқасында қоғамда көп нәрсе тыйылып, шектеліп отыратын. Қазір осының бәрі бұзылды, - дейді ғалым.
Сондай-ақ ол қазір белден төмен әңгіме айтатын блогерлерге де тоқталды.
Әлеуметтік желіде сол ұят жоқ десе де болады. Қыздар, оның ішінде орамал таққан қыздар интимді өмір тұралы айтып отырады. Көрудің өзіне ұялатын нәрсені ашықтан ашық айтады. Соған экранның бер жағындағы біз ұяламыз. Меніңше бұл қате нәрсе, ар-ұят ақшаға сатылмау керек. Кезінде мұндай видеоларды шетелдік қыздар салатын. Сондай бұлардың ата-анасы, аға-бауыры мен күйеуі жоқ па деп сұрақ қоятынмын. Бізде мұндай болмайды деп ойлайтынмын, бірақ бұл бізге де жетті. Осылайша қазір ұятсыздық құндылық ретінде ұсынылып жатыр, - деді Қайрат Жолдыбайұлы.