$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Қазақстан туына қорлық көрсеткен қыздар қамаудан босатылды

AstanaTV
28.03.2025ж. 19:51
117
Қазақстан туына қорлық көрсеткен қыздар қамаудан босатылды
Фото: ашық дереккөздерден

Атырауда Қазақстан туына қорлық көрсеткен қыздар қамауға алынған жоқ, деп хабарлайды Orda.kz.

Buzyq ақпараты бойынша, кеше полицияға жеткізілген төрт күдікті сотқа дейін босатылды. Олардың екеуі кәмелетке толмаған. Сот тергеуі аяқталғанға дейін ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған.

Мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін 3000 АЕК (шамамен 12 миллион теңге) көлемінде айыппұл, 900 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан шектеу не айыру жазасы қарастырылған.

Еске салсақ, Атырауда мұз айдынында төрт қыз никаб киіп, Қазақстан туына ұқсас жалаумен суретке түскен. Алайда оның жоғарғы бөлігінде арабша жазу мен қылыштың бейнесі болған. Жазу стиліне қарағанда, бұл – ислам сенімінің символы саналатын шахада: «Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед – оның елшісі».

Осы оқиғаға байланысты ҰҚК мен Атырау облысының полиция департаменті бірлескен тексеру жүргізіп, мемлекеттік рәміздерге құрметсіздік көрсету бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.