$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

AstanaTV
20.06.2017ж. 20:00
3074
Елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Сынақты алғаш болып Астана, Алматы, Орал, Қызылорда және Шымкент қалаларындағы 16 мыңнан астам түлек тапсырды. Шымкенттік мектеп бітірушілердің бірі ҰБТ-ға ауруханадан жеткізілді. Жуырда жол апатына ұшыраған жас түлекті сынақ өтіп жатқан ғимаратқа жедел жәрдем көлігі алып келді. Медицина қызметкерлері  жанында болып, денсаулығын бақылап тұрды.

Түлектер алдымен аттестат алу үшін сынақ тапсырды, енді ұлттық бірыңғай тестілеуді 5 пән бойынша тапсыруға міндетті. 120 тапсырма бойынша максималды 140 балл жинай алады. Өйткені бір сұрақтың бірнеше дұрыс нұсқасы ұсынылған. Өзгерістерге ата-аналардың көбісі қарсы.

Ертай Есжанов, ата-ана, Шымкент қаласының тұрғыны:

Бес жауаптың ішіндегі  екеуі дұрыс, үшеуі дұрыс емес. Өте баланың миын ашытуға деген сәл кедергі сияқты бұл.

Астана мен Алматыда да ҰБТ-ға келушілер қарасы қалың, бір легі жанын шүберекке түйген ата-ана болса, екіншісі - шəкіртіне сенім артқан ұстаздар қауымы. Барлығының көңілінде бір күдік, бір үміт. Үш жарым сағатқа созылған тестілеуден алғаш болып шыққандар сынақтан сүрінбегеніне сенімді. 

Уайымдадық, бір жыл бойы дайындылдық осы тестілеуге. Қазір енді Құдайға шүкір нормально жазып шықтық.

1 сұрақтың 8 вариант жауабы бар. Соның үшеуі дұрыс болады. Соның үшеуі дұрыс болса, 3 балл тағы қосылады. 

Ұлттық бірыңғай тестілеу маусымның 20-сы мен 1 шілде аралығында өтеді. Оған еліміз бойынша 93 мыңға жуық мектеп бітіруші қатысуға ниетті. Бұл мектеп бітірушілердің 71 пайызы. 69 мыңнан астамы қазақ тілінде, 23 618-і орыс тілінде тапсырмақшы. Ел аумағында 165 тапсыру пункіті әзірленген. Аудиториялар ҰБТ барысын бақылау және жазу бейнекамераларымен, сондай-ақ интернет арқылы онлайн тарату камераларымен жабдықталған. Ал тестілеу нәтижесімен келіспегендер апелляциялық комиссияға шағымдануға құқылы.
 
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ