Жамбыл облысыда ай күні жақындап ауруханаға өз аяғымен босануға барған келіншек бақилық болды. Ал дәрігерлер туыстарына айтпай мәйіті бірнеше күн жер төледе ұстаған. Жаға ұсатар жағдайды осылай жасырмақ болды дейді жақындары.
Әдемі Ешеналиев 8 ай жүкітілігінде яғни наурыздың 5 күні Шу аудандық аурухунасындағы перенеталдық орталығына келген. Құрсағындағы баланы сақтандыруға барған жас келін сол жерден кебінмен шыққан. Ауруханаға барғананан туыстарымен байланыста отырған марқұм, дәрігерлер дұрыс қарамай жатқанын жиі жеткізген. Соңғы рет туыстары телефонмен тілдескенде басының қатты ауырып жүргенін айтып шағымданған. Кейін көруге барған жолдасы жер сипап қалыпты.
ШЫҢҒЫС НҰРҚАСЫМ, МАРҚҰМНЫҢ ЖОЛДАСЫ:
Бір врач біледі то анау варч біледі деп бір біріне лақтырып жатыр. Толком ештеме айтқан жоқ. Сонымен іздедім мына жақтың бәрін. Кішкене иіс келіп кішкене нестеді. Сонымен есігінен қарадық, міні мына жерден. Қарап едік төсекпен адам жатыр да оранып, Ішім сезді. Есікті ашып едім, жабық тұр екен. Есікті жұлып алдым, ішіне кірдім. Қарасам әйелім жатыр. Уже иістеніп кеткен. Танымайсың түріне қарасаң. Көгеріп дәу болып кеткен. Бет аузының бәрі қан қан, аузы мұрнынан ағып жатыр.
Дәрігерлер осы айдың 22 күні жүкті келіншек түңгі екіден өткенде дәретхана ішінен тауып алғандарын айтқан. Түрлі сылтау айтылғанға туыстары сенбейді. Қыздың денесін Көпбейінді аудандық ауруханың жер төлесендегі қоймадан шыққан қатты ашулы.
ГҮЛЗАДА СҮЛЕЙМЕНОВА, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:
Мен сұрақ қойдым. Неге арқасы қарайып кеткен. Сонда ол кісі әжетханада турба болады ғой. Соған құлап қарайып жатыр деді. Осы мәліметті бас дәрегердің өзі берді. Әр қайсысы, әр түрлі сұхбат беріп жатыр ғой. Сонда бұл кісілер баланы қараусыз қалдырған. Әжетханаға баратқанында білмеген.
ГҮЛЗИРА ӘШІРБЕКОВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:
Алдап отыр, 12-13 күн күректей алдап отырсыңдар. Оңбағансыңдар бәрің. Өтірікші бәрі, менің алтындай қызымды тауып берсін, тауып берсін маған.
Әдемінің ажал құшқан күні кезекшілікте болған дәрігерлер жұмған аузын ашпады. Тек тексеріс басталып, тергеу жүріп жатқанын жеткізді.
ҒАНИ БАЙСЫМАКОВ, РЕАНИМАТОЛОГ ДӘРІГЕР:
Бізден әлі допрос алып жатыр. Әлі сот сараптамасы жүріп жатыр. Мен толық ақпарат бере алмаймын. Реанимацияғңа кіргенде жаны болды ма? Ол жағын айта алмаймын.
Ал сол науқастың құлағанын естіп дәретханаға жүгіріп бардық деген акушер бірден жансақтау бөліміне жеткізенін айтады. Бірақ туыстары бақылаусыз біраз уақыт жатып қалған деп күманданады.
САНДУҒАШ БЕКЕНОВА, КЕЗЕКШІ АКУШЕР:
Бірдеңе тарс ете қалды. Санитаркада менде естідім. Өйткені тишина болды прям балада жылаған жоқ. Түнгі сағат 2: 38 кеткен уақытында жүгіріп бардық. Әйелдің кеткенін көрдім ғой өйткені. Тулетке жүгірдік. Барсам мына есік ашылмайды Әдемі әдімі дедім. Жәй аштым да, кірсем былайынан неғып жатыр екен. Былай отыр екен. Әдемі, Әдемі десем слух жоқ.
Бұл жағдайға денсаулық сақтау басқармасы тексерісті бастап, арнайы құрылған топ жұмыс істеп жатыр дейді. Қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалған.
АЙЖАН РАЙЫМЖАНҚЫЗЫ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Шу көпбейінді аудандық орталық ауруханасында ана өліміне қатысты тергеу шаралары жүргізілуде. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасында өлім фактісі бойынша жұмыс тобы құрылды. ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті осы жағдай бойынша тексеру жүргізуде. Тексеру нәтижелері мен сараптама қорытындылар кейінірек жарияланады.
БЕРІК ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:
25 жастағы Әдемі Ешенәлиева осыдан 8 жыл бұрын Шу ауданына келіп болып түскен. Отауласқан ол осыған дейін үш рет жүкті болып, баласы жетілмей шетінеп кеткен көрінеді. Ал төртінші рет Таразға барып эко арқылы бойына бала бітіпті. Бойындағы баласын бауырына басуға асыққан ана аудандық ауруханаға ай күні жақындағанда босануға барған. Алайда өздеріңіз көріп отырғандай жас ана баласымен бірге бақилық болыпты. Ал жақындары ауыл маңына осыдан үш күн бұрын осылай қатарласып жерлепті. Енді жауаптылар жазадан жалтарып кетпес екен дейді.