$498.34 €519.72 ₽4.85
×

17 жастағы дарынды қыз білім және ғылым министрлігінен көмек сұрады

AstanaTV
20.06.2017ж. 20:00
2523
17 жастағы дарынды қыз білім және ғылым министрлігінен көмек сұрады

17 жастағы дарынды қыз білім және ғылым министрлігінен көмек сұрады. Томирис Саматова 6 сыныптан бері кітап жазуды мақсат тұтқан. Өз қатарластарына арнап көркем шығармалар жазады. Жылына кем дегенде екі әңгіменің басын қайыратын ол, алғашқы туындыларын ата-анасының көмегімен басып шығарған. Бірақ, тиражын көбейтіп, сапасын арттыру үшін, қаражат керек. Сондықтан вице-министрдің қабылдауына жазылған. Ведомство өкілінің айтуынша, кітапты көпшілікке ұсынбас бұрын бірқатар талаптар орындалуы тиіс.

Бибігүл Асылова, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

Қосымша оқылымға енгізу үшін «Кітап» орталығында тиісті сараптамадан өткізу арқылы мемлекеттік білім талабына сәйкестігі анықталады. Егер аталған талаптар орындалып, комиссия тарапынан оң шешім тапса, қосымша әдебиет ретінде ұсынуға болады.

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына келген 10-ға тарта азаматтың мәселелері  сан алуан. Бірі шетелде білім алу жайында білгісі келсе, енді бірі ұстаздар арасындағы кикілжіңнің оңды шешілуін сұрап отыр. Проблемалардың кейбірі сол сәтте шешілді. Ал тағы бірқатарына алдағы уақытта жауап берілетін болады.

Айбек ҚОСАН