Әнші Қайрат Нұртас пен әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қыздары бірге билеп, желіні жарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Танымал өнер жұлдыздарының Алау және Айым есімді қыздары өнерлерін көрсетті. Әлеуметтік желіге видеоны Айым Тұрсынбекқызы жариялады.
Желі қолданушыларының бірі жастардың биін қолдаса, енді бірі сынға алған.
«Қабатовтың қызы күшті билейді екен», «Алау салмақты өзіне жарасымды билері, өте әдемі билейді», «Мыналар биге қатысқан кәсіби биші екен ғой», - деп жазды желі қолданушылары.