$503.42 €542.08 ₽6
×

«Зейнетақы жинақтарын алуға көмектесеміз». БЖЗҚ ескерту жасады

AstanaTV
28.03.2025ж. 23:32
232
«Зейнетақы жинақтарын алуға көмектесеміз». БЖЗҚ ескерту жасады
Фото: ©El.kz/Нұркен АЛИШЕВ

БЖЗҚ алаяқтық әрекеттеріне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін алуға төмен пайызбен «көмек» көрсету қызметі туралы жалған хабарландырулар жаппай таратылуда. Делдалдар сізді адастыру үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мен уәкілетті операторлардың логотиптерін пайдаланады, - делінген мәліметте.

БЖЗҚ қатаң ескертеді:

төлемдерді алу тек заңмен қатаң белгіленген жағдайларда ғана мүмкін;

зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін ешқандай делдалдың көмегі қажет емес, қызмет комиссиясыз жүргізіледі;

БЖЗҚ өз қызметі үшін комиссия алмайды, ал барлық төлем түрлері қатаң түрде заң аясында жүзеге асырылады;

• зейнетақы жинағын тұрғын үйге және емделуге мақсатты пайдалану тек екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.