$503.42 €542.08 ₽6
×

Мемлекет басшысы Таиландтың Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

AstanaTV
28.03.2025ж. 22:16
205
Мемлекет басшысы Таиландтың Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Alash.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Таиландтағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты осы елдің Премьер-министрі Пхэтхонгтхан Чинаватқа және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты, деп хабарлайды Astana TV.

Президент табиғат апаты кезінде жарақаттанғандардың тез арада сауығып, отбасыларына дін аман оралуына тілектестігін білдірді.