$504.44 €545.65 ₽5.95
×

“Жағдай күрделі“. Бас прокурор жол апаты күрт көбейгенін айтты

AstanaTV
29.03.2025ж. 07:29
159
“Жағдай күрделі“. Бас прокурор жол апаты күрт көбейгенін айтты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бірнеше өңірінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс, сонымен қатар, жол апаты көбейген. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ақтөбе, Атырау, Павлодар және басқа да өңірлерде жасөспірімдер қылмысы көбейіп отыр. Профилактикалық шараларды күшейтуді, антибуллинг бағдарламаларының тиімділігін зерделеуді тапсырдым", - деді ол.

Сонымен қатар, Берік Асылов қоғамдық орындардағы қауіпсіздікке, жол апаты көбейгеніне ерекше назар аударды.

"Қауіпті учаскелерді бейнекамералармен және жарықпен жабдықтап, патрульдеуді күшейту қажет. Жол апаты күрт өсуі де алаңдатады: бір жылда +67%, жарақат алғандар +79%. Атырау, Қостанай, Ақтөбе, Жетісу облыстарында жағдай күрделі. Апаттардың 72%-ы тасжолдарда. Жүргізушілердің еңбек тәртібін бақылау, бала тасымалдау ережелері сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды", - деді Бас прокурор.