Апаттан 700-ден астам адам жарақат алған, деп хабарлады turkystan.kz.
Сондай-ақ, Бангкоктағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5 адамға жетіп, 117 адам із-түзсіз жоғалғаны хабарлануда.
Еске салсақ, бүгін Мьянма аумағында магнитудалық 7.7 жер сілкінісі болды. Бірінші думпуден кейін 12 минут өткен соң зілзала 6,4 балдық күшпен қайталанған. Жер сілкінісінің қатты болғаны соншалық Таиландқа дейін жеткен. Зілзаладан Бангкокта зәулім ғимарат жермен жексен болды. Құрылысы бітпеген ғимарат қабырғалары көшедегі жүргіншілердің үстіне құлаған. Жүздеген адам үйлерін тастап қауіпсіз жерге қашуға мәжбүр болды. Зардап шеккендер мен опат болғандар туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.