Отандасымыз Рахат Қалжан Иордания астанасында өтіп жатқан еркін күрестен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол 57 кг дейінгі салмақта жүлде жолында Хусейн Худхур Ясимнен (Ирак) басым түсті. Есеп: 8-6.
Еске сала кетейік, бұл отандасымыздың ересектер арасындағы сары құрлық чемпионатындағы 3-жүлдесі. Ол 2022 жылы Ұлан-Батырда күміс, 2023 жылы Астанада қолаға ие болған.
Бұл - еркін күрестен Қазақстан командасының Аммандағы алғашқы медалі. Алда Начын Куулар (70 кг) мен Дәулет Ергеш (79 кг) қолаға таласса, Ризабек Айтмұхан (97 кг) финалда күш сынасады.