$504.44 €545.65 ₽5.95
×

Семейде қараусыз қалған қоймадағы өрт сөндірілді

AstanaTV
29.03.2025ж. 21:57
206
Семейде қараусыз қалған қоймадағы өрт сөндірілді

Семей қаласында Аймауытов көшесінде орналасқан бір қабатты қараусыз қалған қоймада өрт шықты. Тілсіз жау ғимаратты тез шарпып, жақын маңдағы коттеджге таралу қаупі туындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жағдайды бақылауға алып, 220 шаршы метр аумақты шарпыған жалынды толығымен өшірді. Жақын маңдағы тұрғын үйді өрттен қорғау мүмкін болды.

Құтқару қызметінің мәліметінше, оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.