$504.44 €545.65 ₽5.95
×

Ризабек Айтмұхан 3-рет Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

AstanaTV
29.03.2025ж. 23:22
199
Ризабек Айтмұхан 3-рет Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Санаулы сəттер бұрын Ризабек Айтмұхан Иордания астанасы Амманда Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. 

Біздің палуан еркін күрестен 97 кг дейінгі салмақтың ақтық сынында Араш Йошидаға (Жапония) есе жіберді. Есеп: 1-7. 

Бұл оның сары құрлық бәсекесіндегі үшінші күмісі. Ризабек 2023 жылы Астанадағы құрлық бәсекесінде 92 кг дейінгі салмақтың финалында Йошидамен күш сынасқан. Ол кезде жапон спортшысы топ жарған. Ал 2024 жылы Бішкекте 97 кг дейінгі салмақта 2-орыннан көрінген.