$504.44 €545.65 ₽5.95
×

Сейсмологтар Жамбыл облысында мониторингті жалғастырып жатыр

AstanaTV
30.03.2025ж. 09:31
114
Сейсмологтар Жамбыл облысында мониторингті жалғастырып жатыр

Жамбыл облысына келген Қазақстан ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мамандары сейсмикалық жағдайды егжей-тегжейлі мониторингілеу мен талдауды әлі аяқтаған жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сейсмологиялық станциялар желісі Меркі ауданында эпиорталық аймағында орналастырылған. Триангуляция әдісімен жұмыс істейтін үш қосымша жылжымалы станция орнатылды. Олар эпиорталықтан 30-80 шақырым радиуста: жер қыртысының қозғалысын, жер асты микродүмпулерді және жер асты шуларды анықтайды», – делінген ресми хабарламада. 

Бұл деректер ықтимал афтершок белсенділігін егжей-тегжейлі зерттеуге және ықтимал тәуекелдерді бағалауға мүмкіндік береді.

Министрліктің хабарлауынша, жиналған деректер жедел режимде сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссияның талдауы мен жұмысы үшін Орталық сейсмикалық обсерваторияға беріледі. Нәтижесінде қорытынды дайындалып, Қазақстан ТЖМ Командалық орталығына жіберіледі. Бұл нақты уақыт режимінде жағдайды талдауға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысында ТЖМ СБЗҒО 9 сейсмологиялық станциясы жұмыс істейді, олардың бірі – кешенді, бірнеше параметрлерді талдау мүмкіндігі бар. Қосымша станциялар бақылау дәлдігін жақсартады және сейсмикалық белсенділіктің өзгеруіне жедел ден қоюға көмектеседі.