АҚШ-тың Миннесота штатында жеңіл моторлы ұшақ тұрғын үйге құлап, жарылыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
АСВ 7 таратқан мәліметке сәйкес, ұшқыш пен жолаушылар қаза тапқан.
Әуе апаты 75 мыңнан астам тұрғыны бар Бруклин-Парк қаласында болған. SOCATA TBM 700 жеңіл моторлы ұшағы адам тұратын аудандағы тұрғын үйге соғылып, құлаған.
Қазіргі сәтте ұшақ бортында қанша адам болғаны туралы нақты ақпарат жоқ. Бірақ ұшқыштарды қоса алғанда, ұшақтың алты адамға арналғаны белгілі. Бақытқа орай, апат болған уақытта тұрғын үйде адамдар болмаған. Оқиға орнында шұғыл қызмет жұмыс істеп жатыр.
Ұшақ Айовадағы Де-Мойн халықаралық әуежайынан ұшып шығып, Миннеаполистегі Анока-Блейн округіне бағыт алған. Тергеушілер ұшқыштың тұрғын үйге әдейі барып соғылғанын немесе техникалық ақаудың шыққанын анықтауға кірісті.