Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген ресми түрде қостанайлық «Тобыл» командасының ойыншысы атанды.
Қостанайлық клубтың бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев бұл трансферге қатысты пікір білдірді.
Асхатты таныстырудың қажеті жоқ. Ол — Қазақстан құрамасының көшбасшысы, нағыз кәсіби ойыншы. Оның тәжірибесі мен шеберлігі командамызға үлкен көмек тигізетініне сенімдіміз. Оның үстіне, Асхат «Тобылда» бұрын да ойнаған, жеңіс рухын жақсы біледі, — деді бапкер.
Бұл — Асхат Тағыбергеннің «Тобылға» үшінші рет келуі. Ол бұған дейін 2017 және 2021-2022 жылдары команда намысын қорғап, Қазақстан чемпионы атанды, сондай-ақ Суперкубокты екі рет жеңіп алды,-деп жазады turkystan.kz.