$503.05 €542.99 ₽5.98
×

Пентагон 76 мың қызметкерді жұмыстан босатпақ

AstanaTV
30.03.2025ж. 15:28
177
Пентагон 76 мың қызметкерді жұмыстан босатпақ

АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) әскери емес қызметкерлердің санын қысқарту туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

АҚШ-тың қорғаныс министрі Пит Хегсет бұл құжатқа қол қою арқылы ведомстводағы азаматтық қызметкерлердің санын 76 мың адамға дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Бұл бастама президент Дональд Трамп әкімшілігінің мемлекеттік құрылымдардағы персоналды қысқарту саясатына байланысты жүзеге асырылып отыр.

Еске салсақ, Пит Хегсет — бұрынғы әскери ардагер және Fox News телеарнасының жүргізушісі болған. Кейін ол АҚШ-тың Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды.