$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Бейіт басында рәсім жасаған: Оңтүстік Кореядағы ірі орман өртіне күдікті анықталды

AstanaTV
30.03.2025ж. 18:36
162
Бейіт басында рәсім жасаған: Оңтүстік Кореядағы ірі орман өртіне күдікті анықталды
Фото: Yonhap News Agency

Оңтүстік Кореяда 56 жастағы ер адам Солтүстік Кёнсан провинциясы Уисон округіндегі отбасылық бейітте ата-бабасының жерлеу рәсімі кезінде өрт қойды деп айыпталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Yonhap басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Отқа немқұрайлы қарау салдарынан Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығысындағы орманды өрт шарпыды. Полиция 30 наурыз күні елдің оңтүстік-шығысында жаппай орман өртін тудырды деген күдікпен ер адамды ұстады.

"Жеміс арзан, балалар мен жүкті әйелдер көп, көбі орыс тілінде сөйлеседі": Оңтүстік кореялық бойжеткен Қазақстаннан алған әсерін бөлісті

Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық қаза тапты

"56 жастағы ер адам 22 наурыз күні сағат 11:25-те Солтүстік Кёнсан провинциясының Уисон округіндегі бейітте ата-бабаларына табыну рәсімін жасап, өрт тұтандырды деп айыпталып жатыр. Сосын қатты жел мен құрғақ ауа-райы салдарынан өрт жақын маңдағы Андон, Чхонсон, Ёнъян и Ёндокқа тез таралып, Солтүстік Кёнсан провинциясында кемінде 26 адам қаза тапты", – делінген хабарламада. 

Орман өртті салдарынан 4 мыңға жуық ғимарат отқа оранды. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген Гоун ғибадатханасы, тұрғын үйлер, зауыттар және басқа нысандар жойылды. Полицияның мәліметінше, күдікті өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып отыр.