$503.05 €542.99 ₽5.98
×

АҚШ Украинаны “сенімді ақтамады” деп айыптады

AstanaTV
30.03.2025ж. 19:19
196
АҚШ Украинаны “сенімді ақтамады” деп айыптады

АҚШ-тың The New York Times газеті Украина армиясының Ресейдің Курск облысында жүргізген жасырын әскери операциясы туралы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Басылым мәліметінше, Вашингтон бұл әрекетті «сенімді бұзу» деп қабылдаған.

2024 жылдың көктемінде Украина армиясы Ресей аумағына өтіп, жерүсті шабуылын бастауды жоспарлаған. Бұл әрекетті украин барлау қызметі АҚШ-қа алдын ала айтпаған.

АҚШ барлау қызметі бұл жоспар туралы өз бетімен біліп, Киевтегі ЦРУ өкілі Украина барлау басшысы Кирилл Будановқа ескерту жасаған:

«Егер Ресей аумағына өтсеңдер, АҚШ қаруын және барлау көмегін қолдана алмайсыңдар» деген.

Газеттің жазуынша, АҚШ-ты ашуландырған басты себеп: Украина АҚШ-пен келісілген шекарадан өтіп кеткен. АҚШ берген қару-жарақты Ресей жеріне жасырын алып өткен және бұл туралы Вашингтонға ескертпеген.

Бұған дейін АҚШ пен Украина Ресейдің нақты аудандарына ғана соққы жасауға болады деген келісімге келген еді. Сонымен қатар, Германияда орналасқан АҚШ әскери қолбасшылығы Украинаға барлау мәліметтерін беріп отырған.

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп жақында Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, қоршауда қалған украин әскерінің өмірін сақтап қалуды сұрағанын айтқан.

Украина өз бетінше әрекет етіп, АҚШ-пен келіспей Ресей аумағында операция жүргізген. Бұл Вашингтонға ұнамай қалды. Енді АҚШ пен Украина арасында сенім мәселесі туындауы мүмкін.