$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Путин НАТО-ға шабуыл жасауы мүмкін

AstanaTV
30.03.2025ж. 21:55
165
Путин НАТО-ға шабуыл жасауы мүмкін

АҚШ Қорғаныс министрлігінің бұрынғы кеңесшісі және шетелдік әскери істер жөніндегі сарапшы Рубен Джонсон Ресей президенті Владимир Путиннің НАТО-ға қарсы шабуылға дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQKZ online.ua сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Путиннің мұндай қадам жасауға уақыты азайып барады, сондықтан ол батыл әрі жедел әрекет етуге тырысады.

Джонсонның пікірінше, Кремль басшысы НАТО-ның әлсіздігін байқап отыр және қазіргі геосаяси ахуалды тарихи мүмкіндік ретінде қарастырады.

Сарапшы Путиннің келесі қадамы – Сувалк дәлізіне шабуыл жасау болуы мүмкін екенін айтады. Бұл дәліз Ресейдің Калининград облысы мен Беларусьті жалғайды және НАТО-ның шығыс шебі үшін стратегиялық маңызы өте зор.

Путин бұл шабуылды 2014 жылы Қырымды аннексиялаған сценарийге ұқсас етіп жүргізуі мүмкін, – дейді Джонсон.

Сарапшының айтуынша, Путин АҚШ президенті Дональд Трамп пен еуропалық көшбасшылар арасындағы шиеленісті өз пайдасына пайдалануды көздеп отыр.

Ол Калининградтың географиялық оқшаулануын жоюды және Сувалк дәлізін басып алуды жоспарлап, Еуропадағы тепе-теңдікті бұзғысы келеді.

Егер НАТО мұндай шабуылға жауап қатпаса, Путин Альянстың беделін толықтай жойып жіберуі мүмкі, – деп ескертеді Джонсон.