$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Кеңгір су қоймасының маңынан 70 шақты киіктің өлексесі жиналды

AstanaTV
30.03.2025ж. 23:58
197
Кеңгір су қоймасының маңынан 70 шақты киіктің өлексесі жиналды
Фото: ҚР ТЖД

Төтенше жағдайлар қызметкерлері Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасының маңынан 70 шақты киіктің өлексесін тапты. 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасының «Водосброс» және «Спутник» саяжайы маңында киік өлекселерін жинау жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар жағалаудағы аумақты мұқият тексеріп, табиғатқа зиян келтірмеу мақсатында қажетті шаралар қабылдап жатыр.

— Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 67 өлексе табылып, «Охотзоопром» РМКК қызметкерлеріне тапсырылды. Іс-шаралар экологиялық ахуалды тұрақты бақылауда ұстау және жануарлар дүниесін қорғау мақсатында жалғасады, - делінген хабарламада.

Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлайды.