Тынық мұхитында қуатты жер сілкінісі тіркеліп, цунами қаупі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тонга корольдігінің жағалауында жер сілкінісі тіркелді. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 7,1 баллды құрады. АҚШ Ұлттық мұхит және атмосфералық зерттеулер басқармасының (NOAA) мамандары жер асты дүмпулерін 7,3 балл деп бағалады.
Сейсмикалық белсенділіктен кейін метеорологтар цунами қаупі туралы ескерту жасады.