Наурыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда қайталама тұрғын үй нарығында пәтер бағасы біршама төмендеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Танымал жылжымайтын мүлік сайтының мәліметінше, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап тұрғын үй бағасы айына орта есеппен 1%-ға қымбаттаса, қазір өсім небәрі 0,4%.
Елімізде пәтер құны Тараз мен Қостанайда – 2,2%-ға, Ақтөбеде – 2,1%-ға жоғарылады.
Ал ірі қалаларда керісінше баға төмендеді. Мәселен, Шымкенте жылжымайтын мүлік нарығындағы шаршы метрдің құны – минус 2,7% болды. Алматыда пәтерлер 0,6%-ға, Атырауда 0,4%-ға арзандады.
Бірақ бір жыл ішінде баспананың орташа бағасы 6 пайызға өсті. Жылдан жылға баға төмендеп келе жатқан жалғыз қала Қарағанды, онда пәтерлер 1,4%-ға арзандады.
Елдің басқа елді мекендерінде өсім байқалады. Мәселен, Ақтау қаласында жылжымайтын мүлік бағасы 17,8%-ға өсті.
Астана, Орал, Петропавл және Қостанай қалаларында өсім 9,4-тен 11,3%-ға дейін болды. Алматыда қайталама тұрғын үй құны бір жылда 4,2%-ға, Шымкентте 6,2%-ға өсті.