Бұл туралы Түркия Ішкі істер министрлігінің басшысы Әли Ерликая хабарлады, деп жазады Азертадж.
Түркияда Рамазан мерекесіне байланысты жарияланған тоғыз күндік демалыстың алғашқы күнінде 766 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бес адам қаза болды, тағы 1219 азамат зардап шекті.
Ведомство басшысының айтуынша, жол полициясы апатты жағдайлардың ықтималдығын азайту үшін жолдарда қатаң бақылауды жүзеге асырып жатыр.
— Тек 29 наурыз күні полиция 508 962 жүргізушінің құжаттарын тексерді, нәтижесінде ондаған мың автокөлік иесіне айыппұл салынды, оның ішінде рұқсат етілген жылдамдықтан асып кеткені үшін айыппұл арқалағандар бар, — деп жазды Ерликая әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сонымен қатар, министр жол-көлік апаты құрбандарының туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлайды.