$503.15 €543.3 ₽5.93
×

"Қазгидромет" дауыл туралы ескерту жариялады

AstanaTV
31.03.2025ж. 10:09
259
"Қазгидромет" дауыл туралы ескерту жариялады
Фото: istockphoto

"Қазгидромет" синоптиктері бүгін еліміздің бірнеше өңірінде болатын қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

31 наурызда күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Атырау қаласында 31 наурызда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні –15-18 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Көкшетау қаласында 31 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15 м/с.

Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Жетісу облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 17-22 м/с-ке жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде оңтүстік-батысында, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.