$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Алаяқтық жасап 50 млн теңге тапқан: Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды

AstanaTV
31.03.2025ж. 10:36
122
Алаяқтық жасап 50 млн теңге тапқан: Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды
Фото: видеодан скриншот

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол 2017 жылы жалған фирма құрып, контрагентке битум жеткізу бойынша жалған коммерциялық ұсыныс жіберген.

«Бизнес субъектісінен 50 млн теңге алған ол қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған. Өткен жылдың қазан айында күдікті Ресей Федерациясының Орлов облысында ұсталып, кейін Қазақстанның Бас прокуратурасының сұранысы бойынша отанына экстрадицияланды. Тағылған айып бойынша оған мүлкін тәркілей отырып, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - делінген Бас прокуратура хабарламасында.