$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Мьянмадағы жойқын жер сілкінісі: Аза тұту күні жарияланды

AstanaTV
31.03.2025ж. 14:20
121
Мьянмадағы жойқын жер сілкінісі: Аза тұту күні жарияланды
Фото: ЕРА/ТАСС

Мьянмада болған жойқын жер сілкінісінен кейін билік табиғи апат құрбандарын еске алу үшін "Аза тұту" күнін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, зілзала қатты қирауға, адам шығынына және инфрақұрылымның зақымдалуына әкелді.

Риа Новости хабарлағандай, үкімет ел бойынша ұлттық аза тұту күнін жариялап, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық орындарда ту төмен түсірілді. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, билік тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырып жатыр.

Еске сала кетейік, бірқатар мемлекет мен гуманитарлық ұйымдар Мьянмаға қолдау білдіріп, көмек көрсетуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

28 наурыз күні Мьянма аумағында 7,7 балдық жер сілкінісі болды, көршілес бес елде, соның ішінде Таиландта да жер сілкінген болатын. Жер сілкінісінен қаза тапқандар саны шамамен 1,7 мыңға дейін өсті, 3,4 мың адам зардап шекті, тағы 300-і жоғалып кетті.