Алматыдан 178 шақырым жерде тағы бір жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстанда орналасқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жер сілкінісін Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалары 31 наурыз күні сағат 12:25-те тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 178 шақырым жерде Қырғызстан аумағында болды.
Олар Қазақстанда сезілген жоқ, алайда қырғызстандық сейсмологтардың мәліметінше, эпицентрдегі жер сілкінісінің күші төрт баллға жеткен.