$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Елімізде банк картасын рәсімдеуге қойылатын талап күшейеді

AstanaTV
31.03.2025ж. 15:52
115
Елімізде банк картасын рәсімдеуге қойылатын талап күшейеді
Фото: Aikyn.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Ашық НҚА» порталында банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы құжатты жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аталған құжат қаржы нарығында құқыққа қарсы іс-қимылдарды және дропперлікті (есірткінің заңсыз айналымы, қаржы пирамидаларының, онлайн/интернет-казинолардың қызметін ұйымдастыру) азайту мақсатында әзірленді.

Құжатта клиенттерге онлайн қызмет көрсету, дропперлік схемаларға тартылу қаупі бар клиенттерді бақылауды күшейту, комплаенс-бақылау басшыларының жауапкершілігін арттыру және құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу мақсатында антифрод-қызметтердің функционалын кеңейту бойынша талаптар қарастырылған.

Банктерге қандай талаптар қойылады?

тәуекелі жоғары бейрезидент клиенттерге қатысты бақылауды, оның ішінде қашықтан немесе өкіл арқылы іскерлік қатынастар орнатуға, карталарды шығаруға және қайта шығаруға тыйым салу;

төлқұжаттың фотосуреті бойынша биометрияны қолдана отырып, бірізділік енгізу;

«бір қолда бір төлем карточкасының болу» өлшемшартын бақылау;

ел аумағында болу заңдылығын тексеру;

картаны шығарған және қайта шығарған сәттен бастап алғашқы 3 айда кіріс және шығыс транзакцияларына күшейтілген мониторинг жүргізу бөлігінде бақылауды күшейту;

дропперлік операцияларды анықтау және бұғаттау және төлем картасын бақылаусыз шығаруды болдырмау мақсатында банктердің Ұлттық банктің Антифрод-орталығымен өзара іс-қимылын кеңейту.

– Жоба қаржы нарығында құқыққа қарсы іс-қимылдар мен дропперлікке (есірткінің заңсыз айналымы, қаржы пирамидаларының қызметін ұйымдастыру, онлайн/интернет-казино) жол бермеу/барынша азайту бойынша қосымша бақылау шараларын енгізуге бағытталған, – делінген құжатта.

Құжат қоғамдық талқылау үшін 14 сәуірге "Ашық НҚА" сайтында жарияланған.