$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Танымал түрік әншісі саханада есінен танып, кейін көз жұмды

AstanaTV
31.03.2025ж. 16:49
133
Танымал түрік әншісі саханада есінен танып, кейін көз жұмды
Фото: cyprusbutterfly.com

Түркияның танымал әншісі және композиторы Волкан Конак 58 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Солтүстік Кипрдің Фамагуста қаласында өткен концерт кезінде әнші өзін жайсыз сезініп, сахнада есінен танып қалған. 30 наурыз сағат 23:23-те жедел жәрдем орталығына 112 нөмірі арқылы қоңырау түсіп, концерт кезінде әртістің өзін жайсыз сезінгені туралы хабарланған.

Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына шұғыл жетіп, сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетілген. 40 минутқа созылған жүрек-өкпе реанимациясынан кейін әнші интубацияланып, 00:10-да ауруханаға түскен. 00:17-де Волкан Конак реанимация бөліміне түсті, онда 25 минут бойы дәрігерлер өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, 00:42-де дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады.

Волкан Конак – түрік халық музыкасының танымал орындаушысы. Оның шығармашылығы Қаратеңіз аймағының дәстүрлі әуендері мен заманауи элементтердің үйлесімімен ерекшеленді.