$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Павлодарда 14 жастағы қызын өгей әкесі зорлаған

31.03.2025ж. 20:00
106
Павлодарда 14 жастағы қызын өгей әкесі зорлаған

Павлодарда 14 жастағы қызын өгей әкесі зорлап келген. Сұмдық оқиғаны мектеп психологы анықтады. Ол оқушының мінез құлқынынан әлде бір нәрсеге қиналып жүргенін байқаған. Ұзақ әңгімеден кейін оқушы көрген азабын айтқан. Осыдан кейін құзырлы органдарға хабар берілді.  Полиция күдікті ретінде  өгей әкесін ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.  Қазір осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес  жариялауға жатпайды.

ЖАННА БІЛӘЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Зорлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу ерекше бақылауда.