$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Дональд Трамп Путин мен Зеленскийге сес көрсетті

AstanaTV
31.03.2025ж. 20:00
134
Дональд Трамп Путин мен Зеленскийге сес көрсетті

Трамп тыным табар емес. Украинадағы соғысты аяқтаймын деген уәдесінен таймас үшін, Путин мен Зеленскийдің екеуіне де сес көрсетті. Оның орынбасары Джей Вэнс болса, Данияға Солтүстік полюс пен Арктикада қауіпсіздік сақтамадыңдар, аралды Қытайға беріп қойдыңдар, енді Гренландияны тартып аламыз, - деп шорт кесті. АҚШ Президентіне өз кезегінде Иран билігі жауап қатты. Ядролық бағдарлама туралы келіссөз жүргізуден бас тартып, Трамп жіберген хатты жауапсыз қалдырды. Шартараптағы жаңалықты Еркелді Тілеуқұл толықтырады.

АҚШ Президенті Дональд Трамп Путинге де, Зеленскийге де ашулы. Қос Президентті келістіремін деп, бұл бастамасы тұралап қалғандықтан, ашық сес көрсетуін қайта жалғастырды. Мәселен, Путин Украина Президенті Владимир Зеленскийді қызметінде заңсыз отыр, Украинаны сырттан басқару керек, - деген сөзі Трамптың шамына тиген. Ал, Зеленскийді АҚШ Президенті сирек металл бойынша келісімді жасамай қоюды жоспарлап отыр, - деп айыптады.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен Зеленский туралы, Путиннің сөзін естігенде қатты ашуландым. Жаңа билік келсе, тіпті, келісім мүлдем болмайды деген сөз. Жалпы, жақын арада соғыс тоқтамаса, оған Ресей билігі кінәлі деген сөз. Зеленский сирек металлдар бойынша шарттан шықпақшы. Егер ол осы қадамға барса, басына бәлі төндіреді. Ол НАТО мүшесі болғысы келеді. Бірақ, ондай мүмкіндік жоқ екенінен хабардар.


Иран «Ядролық келісім» бойынша АҚШ-пен мәмілеге келуден бас тартты. Дональд Трамп Оман корольдігі арқылы хат жіберген болатын. Алайда, Иран билігі сенбейтінін жеткізген.

МАСУД ПЕЗЕШКИАН, ИРАН ПРЕЗИДЕНТІ:


Бізге берілген уәделер осы уақытқа дейін бұзылып келді. АҚШ алдымен келісімге келуге және орындауға қауқарлы екендігін дәлелдеу керек. Сол кезде біз бірден диалог алаңына ораламыз.


Гренландияны қорғау үшін Дания саусағының ұшын да қимылдатпады. Қытай мен Ресей аралға қауіп төндіруде. Сол үшін біз аралды өз бақылауымызға алуымыз керек. Осылай деген АҚШ вице-президенті Джей ди Вэнс Данияға сес көрсетті. Өз сөзінің әсерлі болуы үшін, Гренландияда орналасқан Питтуфик әскери-теңіз базасына барған.

ДЖЕЙ ДИ ВЭНС, АҚШ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Ресей және Қытай секілді елдер, солтүстікте жаңа Арктикалық бағывттар құруға мүдделі. Бұл Гренландия үшін үлкен қауіп. Сол үшін арал халқы өз саяси ерік-жігерін көрсету керек. Дания болса, өз қорғанысын бізге тапсырып қойғандықтан, аралды қорғай алмайды. Бұл үшін ештеңе істеген де жоқ.


Литваның Побрад қаласында АҚШ әскерінің брондалған көлігі балшықтан шығарылды. Ішінде 4 сарбаз болған көлік оқу-жаттығу кезінде батып кетті. Оқиға 5 күн бұрын болған. Жауынгерлердің тағдыры туралы әлі ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Болжам бойынша ешқайсы тірі қалмады.