Елімізде радиоактив қалдықтарды игеру жөнінде жаңа заң жобасы әзірленеді. Сонын аясында ядролық қауіпсіздік саласына қатысты бірқатар түзетпе енгізу қарастырылып отыр. Осыған байланысты Мәжіліс депутаттары Алматыдағы Ядролық физика институтына барып, бейбіт атомды пайдалану бойынша отандық жобалармен танысты. Ғалымдармен бірге талқылау да өткізді. Кездесуде Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов жаңа заңнамалық нормалар елде АЭС салу және атом саласын дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасауды көздейді деді.
СЕРГЕЙ ПОНОМАРЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Маңызды заң жобасы талқыланып жатыр. Бұл - ядролық қауіпсіздік жөніндегі заң. Біз ештеңеге алаңдамауымыз керек. Ең бастысы, біздің атом стансаларымыз МАГАТЭ-нің халықаралық талаптарына сай болуы тиіс. Бұл заң барлық қатысушылармен, ғалымдармен, Ядролық физиктермен талқыланады. Эксперттер болады, депуттар бар. Сол үшін біз осында келдік. Ситуацияны көзбен көру үшін. Міне, менің артымда Ядролық риактор тұр. Бұл жерде қауіпсіздік қалай сақталған соны тексердік.