$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Алматы облысы Шонжы ауылында «Тіл – татулық тірегі» атты фестиваль өтті

AstanaTV
31.03.2025ж. 20:00
162
Алматы облысы Шонжы ауылында «Тіл – татулық тірегі» атты фестиваль өтті

Алматы облысындағы Шонжы ауылында «Тіл – татулық тірегі» атты фестиваль өтті. Іс-шара мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, ұлттық бірлікті нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Фестивальге қазақ тілінде еркін сөйлеп, мемлекеттік тілге жанашыр боп жүрген  түрлі этнос өкілі қатысты. Олар өздерінің ұлттық киімдерімен сәнденіп, ана тілімізге жыр шумақтарын арнады. Қатысушылар «Тіл майталманы»,  «Тілге жанашыр кәсіпкер», «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы», «Үздік бейне ролик», «Тіл шебері» номинациялары бойынша марапатталып,  келесі кезеңге жолдама алды.

ДАНИЯР АХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

 

Биыл да 5 номинацияға өсіп отыр. Біздің президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы жылды «Еңбекшілер жылы» деп атауына байланысты осы тіл мәселесі бойынша еңбек саласындағы мамандарды да номинацияға қосып отырмыз. Онымен қатар, әдебиет және қазақ тілінің үздік мұғалімін қарастырып отырмыз. Биыл оның қаражат қоры сәл көтеріліп отыр, 300 мың теңге құрайды деп жоспарлануда.


Фестивальде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы да ерекше аталып өтті. Облыстық «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінен 12 адам қатысты. Олардың қатарында ұйғыр, орыс, қытай, күрт ұлтының өкілдері бар.

ВЕРА ПЛЕТНЕВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ АССАМБЛЕЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ ТӨРАҒАСЫ:

Ассамблея жастарының басты бір міндеттері осылай мемлекеттік тілді дамыту болып табылады және де біз жастар болып әрі қарай да мақтан тұтып қазақ тілін осылай дамытуға қол жеткізу деген  мақсатында жаңа жастарымызды әкеліп осылай, керемет осындай Ұйғыр ауданында тілді жетілдіру бойынша шараларды өткізіп, көрсетіп жатырмыз.


Айта кетейік, фестивальдің ақтық сайысы 5 қыркүйек күні өтеді.