10 мемлекеттің оқушылары бас қосқан халықаралық байқау мәресіне жетті. Информатрикс-Азия жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бүгін бас қалада марапатталды. 10 жылдан бері өтіп келе жатқан білім бәйгесінде жастар технология, ғылым және цифрлық өнер салалары бойынша бақ сынады.
ҚУАТ ҚОЖАХМЕТОВ, "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" ХҚҚ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
9 бағыттан құралған негізі бұл бағыт. Арт, дизайн, программирование, инженерия, осындай бағыттардағы сияқты қазіргі таңда оқушылардың бір компьютермен, IT саласында, ЖИ бойынша әртүрлі қызықты-қызықты жобаларын алып келіп жатыр.
Байқауға 400 қазақстандық және 100 шетелдік оқушы қатысты. Жеңімпаздарға елдегі танымал университеттер грант ұсынады. Сондай-ақ жоба 10 жылдан бері үздік стартаптарды жүзеге асырып, көзге түскен жастар әлемдік озық компаниялардан жұмыс тауып келеді.
НҰРИСЛАМ ҚУАНЫШБЕК, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:
Жарыстың атмосферасы күшті, бір-бірімен жарысып андай. Шетелден келген балалармен таныстық, Әзірбайжаннан келген балалар.