$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Қорғаныс министрлігі Жеңістің 80 жылдығына орай 80 көшет егеді

31.03.2025ж. 20:00
155
Қорғаныс министрлігі Жеңістің 80 жылдығына орай 80 көшет егеді

Қорғаныс министрлігі Алматыда ағаш екті. Шара Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған. Армия үйі, Даңқ мемориалы және 28-ші гвардияшы-панфиловшылар саябағын қамтитын мемориалдық кешен аумағы көркейтілді. Мегаполисте  жалпы саны 80 түп ағаш егілген. Қорғаныс министрі Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан қазақстандықтарды еске алуға арналған экологиялық акция отандастарымыздың Жеңіске қосқан үлесіне деген құрмет деп атап өтті.

РУСЛАН ЖАНГУЛИН, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Жалпы 80 жылдыққа орай бізде Алматы қаласында 80 көшет отырғызылып жатыр. Жеңістің 80 жылдығы аясында Қарулы күштердің әрбір әскери бөлімі орналасқан гарнизонда осынша ма көлемдегі көшет отырғызылатын болады. Бұл бастаманы біз енді біріншіден Ұлы ерлікке деген деген тағзым ретінде, екіншіден ата-бабалардың, соғыс ардагерлерінің құрметіне арнап отырмыз.