Қызылордада бір күнде мың көшет егілді. Мақсат- қаланы көгалдандыру, таза қана қалыптастырып, жастарды еңбекке баулу дейді ұйымдастырушылар. Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қосу. Шара «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы экологиялық кеңес мүшелерінің бастамасымен өтті. Оған облыстық филиал ұжымы ғана емес, депутаттар мен студент жастар да атсалысты.
АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дейді ғой дана халқымызда. Осы бүгінгі еккен жасыл желегіміз ертең саялы ағашқа айналып, болашақ ұрпаққа өзінің жемісін береді деп ойлаймыз. Барлық жерлерстерімізді осы 2 айлық тазалық аясында туған жерімізді, тұрып жатқан елді мекенімізді, барлығын таза ұстауға шақырамын.