$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Қазақстандық спортшы Денис Теннің нәтижесін қайталады

AstanaTV
31.03.2025ж. 20:00
216
Қазақстандық спортшы Денис Теннің нәтижесін қайталады

Денис Теннің нәтижесі қайталанды. Қазақстандық Михаил Шайдоров әлем чемпионатында осыған дейінгі еліміздің үздік нәтижесіне тең өнер көрсетті. 20 жастағы спортшы Бостонда топ жарып, дүйім жұртты таңдай қақтырды. Спорттағы жаңалықтармен әріптесім Айбек Салдатбек толығырақ бөліседі. Ал мен сіздермен қоштасамын, аман-сау болыңыздар!!!

Ар ма ағайын! Спортта қуанышты жаңалық көп. Жерлесіміз Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды. Нәтижесінде елге үш Олимпиадалық жолдама әкелді. Дәл осындай нәтижеге 12 жыл бұрын Лондонда Денис Тен қол жеткізген еді. Вице-чемпион Шайдоров енді 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысады.

Әлем жұлдызы Криштиану Роналду мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Португалиялық футболшы қасиетті Рамазан айынан кейін ізгі тілегін жолдады. Роналду әлемжеліде "Баршаңызды Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Бұл ерекше кезең өздеріңіз бен жақындарыңызға қуаныш, тыныштық және бақыт әкелсін!" деп жазды.

Ұшақтың ішінде футболшының аяқ киімін ұрлап кетті. Ұрылардың құрбанына мәскеулік ЦСКА мен Ресей жастар құрамасының ойыншысы Джамалутдин Абдулкадыров айналды. Колумбиядан Ыстамбұлға ұшып бара жатқанда футболшының көзі ілініп кеткен. Аяқ-киім сол сәтте қолды болды. Ұрылар табылған жоқ. Футболшы ұшақтан тәпішкемен шықты.

Баскетболшылар ойын алаңын октагонға айналдырды. NBA чемпионатының кездесуінде ерегістің арты жаппай төбелеске ұласты. Ұрыста тұрыс жоқ деп бас бапкерлер мен көмекшілер де жұдырық ала жүгірді. У-шу басылған соң төреші 7 адамды алаңнан қуды.

Бізде бар маңызды ақпарат ағыны осындай. Жақсылықта жүздескенше есен-сау болыңыздар!