Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев, шетел валюталарындағы депозиттерді алу немесе депозиттерді шетел валютасына ауыстыру бойынша шектеу болмайтынын айтты. Бұлай сендіруі, соңғы уақытта теңге салымдарының тартымдылығын арттыру үшін жылдық мөлшерлеме көлемі 9 пайыздан 14 пайызға арттырылып, шетел валюталарындағы депозиттердің керісінше, 4,5 пайыздан 2 пайызға төмендетілгеніне байланысты. Депозиттерге берілетін кепілдік те теңге бойынша көбірек – 10 млн теңгеге дейін. Шетел валютасындағы депозиттерге берілетін кепілдік 5 млн теңге. Әйтсе де 2015 жылдың қорытындысы бойынша жеке тұлғалар депозиттерінің долларлану деңгейі 80 пайызға жеткен.
Ал "Тау-кен Алтын" аффинаж зауыты биыл шикізат жеткізетін 30 компаниядан 14 тонна алтын алуға келісім-шарт жасаған. Былтыр Астанадағы зауыт 11 тонна алтын құймасын шығарып, Ұлттық банкке оның 10 тоннасын сатқан.
Бір айта кетері, аффинаж зауыты биылдан бастап 1 грамнан 100 грамға дейін бұршақтай алтын құймаларын саудаға шығара бастайды. Оны зергерлер немесе артық ақшасын алтынға айналдырғысы келетіндер Ұлттық банк арқылы сатып ала алады. Айта кетейік, Астанадағы аффинаж зауыты 2014-жылы іске қосылған. Осы аралықта кәсіпорынға қаладағы ломбардтар да 100 келіден астам алтын тапсырған: себебі алтын бұйымын өткізгендер оны қайтып сатып ала алмайған қалған...
Мейрамғали Тілеужанов, «Тау-кен алтын» ЖШС аффинаж зауытының директоры:
Екі жылдың ішінде ломбардтар 110 келі алтын
әкелді. Ал биыл біз одан да көп алтынға ломбарттардан үміттеніп отрымыз.
Өйткені кризис та бар - халық сатып ала алмайды, ломбардқа тапсырып жатыр.