Танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы болашақ келіншегін көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы өнер иесі ұлы Олжас Еспанов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Видеодан Олжас Еспановтың қалыңдығына тосын сый жасап, ұсыныс ретінде бағалы жүзік сыйлады.
«Ол ия деді. Осымен бойдақтық өмір бітті! Барша құттықтап жатқан жандарға Алла разы болсын!», - деді Олжас Еспанов.
Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп жатты.