$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Қарағандыда автокөлік тротуарға соқтығысып, екі адамды қағып кетті: бір әйел көз жұмды

AstanaTV
01.04.2025ж. 10:11
127
Қарағандыда автокөлік тротуарға соқтығысып, екі адамды қағып кетті: бір әйел көз жұмды

Қарағанды қаласының орталығында өткен түнде ауыр жол апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 31 наурыз түнгі сағат 23:00 шамасында болды. Audi жүргізушісі Бұқар Жырау даңғылымен Дүйсембеков көшесіне қарай жоғары жылдамдықпен келе жатқан. Кенеттен рульге ие бола алмай, тротуарға соқтығысып, екі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел адам сол жерде қайтыс болды, екінші жаяу жүргінші, сондай-ақ түрлі жарақаттары бар автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылды», - деді Қарағанды облысы ПД анықтау басқармасының бастығы Азамат Ахметов.

Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады, тергеу жүргізіліп жатыр.