Таразда жалдамалы пәтерден полиция қызметкерінің мәйіті табылды, тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Әлеуметтік желілерде пәтер иесі полиция қызметкерінің денесін тапқаны туралы ақпарат пайда болды. Желіде марқұм 34 жаста болғаны да айтылды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті ақпаратты растады. Полицияның баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға орнына ведомство басшылығы мен жедел тергеу тобы шұғыл жеткен.
"Бұл дерекке қатысты "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп жазылған хабарламада.