$503.05 €542.99 ₽5.98
×

Қызылордада мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

AstanaTV
01.04.2025ж. 13:59
166
Қызылордада мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Қызылордада жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы бір апта ішінде 1019 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығында полицейлер тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істеуде. Олар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етеді. Бір апта ішінде "102" арнасына 809 хабарлама келіп түсті. Ал жедел басқару орталығының көмегімен 1019 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жол жүру ережесін бұзу фактілері – 930, ал "мүлдем төзбеушілік" қағидасы аясында 89 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы бойынша (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану талаптарын сақтамау) 237 жүргізушіге, 591-бабының 1-бөлігі бойынша (Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы) 88 жүргізушіге, 600-бабының 1-бөлігі бойынша (Жаяу жүргіншілерге немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларына жол беру талабын орындамау) 49 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда масаң күйде болу) бойынша 19 хаттама рәсімделді. Ал ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Қоғамдық орындарды ластау) бойынша 55 құқық бұзушылық анықталып, тиісті шаралар қабылданды. Бұған қоса, ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі бойынша бір ұрлық дерегі ашылды.