Саябақтан мәйіт табылды. Басының сау тамтығы қалмаған.
Ер адам басынан қатты жарақат алғаны сонша, одан іс жүзінде ештеңе қалмаған. Полиция оның жеке басын анықтады. Туыстарының айтуынша, ол бұрын құқық қорғау органының қызметкері болған. «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ГҮЛСАРА МҰХТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Полиция Тараз қаласындағы мөлтекаудандардың бірінде ер адамныың денесі табылуы бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғады. Мәйіттің жеке басы анықталды. Күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру іс шаралары кешені жүргізілуде.
Қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінен тағы бір адамның денесі табылды. Пәтердің иесі жалға берілген пәтерді қабылдап алмақ болған кезде оның асылып тұрғанын көрген. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер марқұмның жеке басын анықтаған. Ол 34 жастағы ішкі істер оргондарының қызметері екені белгілі болды. Қазір өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.