$503.05 €542.99 ₽5.98
×

Алматы облысында адам зорлаған күдікті сот залынан қашып кетті

AstanaTV
01.04.2025ж. 20:00
85
Алматы облысында адам зорлаған күдікті сот залынан қашып кетті

Алматы облысында адам зорлаған күдікті сот залынан қашып кетті. Оқиға Қаскелең қаласының аудандық сотында болған. Оған Қылмыстық кодексының 120-бабы, 2-бөлігі «Зорлау» дерегі бойынша айып тағылған. Облыстық полиция департаменті қашу фактісін тіркеп, қылмыстық іс қозғады.

ЕРНАР САЙДИЛЬДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Қашқынды ұстау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеріс тағайындалды. Азаматтарды сабырлық сақтауға шақырамыз. Іздеуде жүрген тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда, шұғыл түрде 102 нөміріне хабарлауыңызды сұраймыз.