$503.05 €542.99 ₽5.98
×

АҚШ пен Иран бір-біріне қарсы соғыс бастауға дайын

01.04.2025ж. 20:00
168
АҚШ пен Иран бір-біріне қарсы соғыс бастауға дайын

Егер менімен келіспесе, соғыс ашамын. Дональд Трамп қайтадан қаһарына мінді. Ядролық келісімге келмейміз деген Иранға осылай деп сес көрсетті. Иран билігі болса, АҚШ әскери кемелерін оп-оңай тас-талқанын шығарамыз, - деп, зымырандарын дайындауға кірісті. Ал, Францияда Ресей мүддесін қорғады деп айыпталған саясаткер Марин Ле Пен алдағы сайлауға қатысу құқығынан айырылды. Онымен қоймай, ақша жымқырды деп сотталды. Таиланд пен Мьянмада болған жер сілкінісінің құрбандарының саны 2000-нан асты. Шартараптағы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Иранның күлін көкке ұшырамын. Дональд Трамп осылай деп сұхбат берді. Естеріңізге сала кетсек, Иран билігі АҚШ Президентінің Оман корольдігі арқылы жіберген хатын қабыл алмаған. Трамп Иран ядролық бағдарламасы бойынша келісімге келмесе, әуеден соққы жасаймын, - деп есе көрсетті. Ол үшін парсы шығанағына үшінші әуе кемелерінің үлкен тобы жіберілді. Олардың үстінде, әлемдегі ең заманауи ұшақтар кез-келген сәтте ұрыс қимылдарын бастап кетуге қауқарлы.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Олар келіспесе, бомбадан көз аша алмай қалады. Ондай күшті Иран өмірі көрмеген. Қазір менде бар ақпаратқа сәйкес, Иран билігі шарт жасауға асықпайтын секілді. Жағдайлары қиын болады дегім келеді.


Иран да, қайтатын емес. Барлық баллистикалық зымырандарын күшейтілген кезекшілік режиміне өткізіп қойды. Қорғаныс министрлігі, АҚШ әскери кемелерін бомбылауға шамалары жететіндерін айтуда.

АМИР АЛИ ХАЛИЗАДЕ, ИРАН ИСЛАМ РЕВОЛЮЦИЯСЫ ҚОРҒАНЫ КОРПУСЫНЫҢ ӘУЕ-ҒАРЫШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Біздің зымырандарымыз АҚШ-тың барлық кемелеріне жете алады. Оның үстіне, Иран айналасында 10 америкалық әскери база бар. Оның ішінде 50 мың әскери қызмет етеді. Сондықтан, Трамп өз-өзіне қастандық жасауы мүмкін.


Таиланд пен Мьянмадағы жер сілкінісінің құрбандарының саны 2000-асты. Шекаралас қос мемлекетте магнитудасы 5 жарым балл болатын зілзала өткен аптада болған еді. Артынша бір күн өте афтершок, яғни, жер қайта сілкініп қуаты алдыңғыдан да асып кетті. Нәтижесінде, 7,7 баллдық дүмпу салдарынан мыңдаған адам әлі күнге дейін қиранды астында қалды.

АНУТИН ЧАРНВИРАКУЛ, ТАИЛАНДТЫҢ ВИЦЕ-ПРЕМЬЕРІ:

Қазір біз бар күшімізді қиранды астында қалған адамдарды құтқаруға бағытталады. Шетелдік құтқарушылар көп көмектесуде. Дегенмен, үйлердің құрылысы кезінде салғырттық танытқан адамдар жауапкершілікке тартылуы тиіс. Сондықтан, қылмыстық іс қозғалды.


Екі рет Франция Президенттігінен үміткер болып, екі сайлауда да Эммануэль Макронға қарсылас болған Марин Ле Пен сотталды. Ол Еуропарламенттің қаржысын жымқырды деген айыппен шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Бастысы, Ле Пен 5 жыл саяси қызметпен айналыса алмайды. Бұл дегеніміз, алдағы 2022 жылғы Президент сайлауына қатыса алмайды. Өз сөзінде, саясаткер, бұл шешімге қарсы талап-арыз жазатынын мәлімдеді.

МАРИН ЛЕ ПЕН, «ҰЛТТЫҚ БІРЛЕСТІК» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Мені шеттеткенімен, миллиондаған францукз азаматтары өздерінің саяси құқықтарынан айырылды. Бүгін Франция демократиясы үшін қаралы күн. Мен аппеляциялық соттың тәуелсіз шешім шығаратынына үмітпен қарап отырмын.


Литвада қаза тапқан 3 америкалық сарбаздың денесі табылды. Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада брондалған көлік саз-балшыққа батып кеткен еді. Ішінде 4 жауынгер болған. Біреуінің денесі әлі табылмады.